Жаңалықтар
Президент Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады, деп хабарлайды atr.kz
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент Twitter-де.
Finprom.kz мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жеткен болатын. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.