Атырауға ақбөкендер келді

50018 Жаңалықтар

Индердің қырына (Атырау облысы) Ұлы дала киесі қайта оралды. Киіктер негізгі қонысы Батыс Қазақстан облысынан өрістеп келіп жатыр. Ұзақ жылдардан кейінгі көріністі жергілікті тұрғындар жақсылыққа жоруда.

Saiga (Saiga tartarica) expedition searching Saigas at water holes Adult male Saiga in the surrounding of water hole Torgay area Kazakhstan August 2010

Еліміздің батыс өлкесінде қара қасқыр да пайда болыпты. Бұл мұнда бұрын-соңды кездеспеген жағдай. Байқаса, жыртқыштар кезіндегі Кавказ жеріндегі соғыстан қашып, жылыстап келген көрінеді. Атыс-шабыс аяқталған соң, бірқатары қайтадан көшкен. Жергілікті түз тағысымен шағылысып, қалып қойғандары да бар.

Айтпақшы, табиғат қорғаушылар түлкіден сақтануды ерекше ескертіп отыр. Олар адамнан қорықпайды. Даладағы азықтары азайғаннан ба, ауылға жиі келе бастаған. «Тағылардың арасында құтырғандары, басқа ауруға шалдыққандары болуы мүмкін» дейді жауапты мекеменің өкілдері.

 

Азамат Базарбаевтың

фейзбуктегі парақшасынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз