Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

200521153924a3652563d Жаңалықтар

Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!», – деп жазды Мемлекет басшысы twitter парақшасында.

Айта кетсек, 21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұған дейін Мәдениет минстрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз