«БАРЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҮЛГІ БОЛУҒА ТИІСПІЗ»

Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауы жергілікті кәсіпорын-мекемелерде кеңінен талқылануда. Сондай басқосудың бірі жуырда облыстық прокуратурада өтті. Заңның сақталуын қадағалаушы орын өкілдері маңызды құжатқа өз қолдауларын білдірді.

Облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаевтың айтуынша, құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру керек. Үлкен өкілеттілік пен құқыққа ие қызметкерлер өздерінің мінсіз мінез-құлқы, жоғары кәсіптік деңгейімен өзгелерге үлгі болуы тиіс. Прокурордың орынбасары сөз етпесе де, кейбір шенділердің шектен шыққан қылығын орталық ақпарат құралдарынан естіп жүрміз. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында құқық қорғаушылардың иығындағы жүкті, зор жауапкершілікті терең сезінуі қажеттілігіне тоқталуы сондықтан болса керек. 

 

– Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының, кәсіпкерлердің заңды құқығын қорғау – біздің басты назарымызда. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы күрес шаралары қолға алынуда. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған міндеттер, – деді С.Шалабаев.

Прокуратура қызметкерлері ҚР Президенті Жолдауының басым бағыттарына айрықша мән беріп, кеңінен талқылады. 

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз