
Жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты
Atr.kz/27 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына көңіл айтты.
Және тік ұшақ апатына байланысты, тергеу амалдарын жүргізуді бұйырды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ әскери оқу-жаттығу барысында Ақтау – Шымкент бағытында ұшқан. Тікұшақ экипажы қаза тапты. Мен тергеу амалдарын бастау жөнінде бұйрық бердім. Қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын. Оларға материалдық көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА