
Жаңалықтар
Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

–Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді, — дейді Б.Уәли.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ