Атырауда қауіпті су қоймаларында 28 адам көз жұмған

whatsapp image 2021 09 19 at 18.24.36 Жаңалықтар

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті​ Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, майор Бақыт Абланов айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

–  Мәселен, биыл қауіпті су қоймаларында 28 тұрғын ажал құшты. Оның ішінде, 10 бала бар. 

Мәселен, Атырау қаласында 17, Индер ауданында 10, Махамбетте 19, Құрманғазыда 2, Жылыойда 7 және Қызылқоғада 15 қауіпті су қоймасы бар.

Бұл жерлердің бәрінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.  Балық аулауға шығатын тұрғындардың арасында​ суға бату деректері тыйылмай тұр. 

Ал, аң​ аулаушылар көп жағдайда орман өртінің тұтануына себепші болып жатады. Атырау қаласы, Жылыой мен Құрманғазы аудандарында жедел құтқару қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасайды, – деді ол.

Сондай-ақ, спикер соңғы кезде балалардың терезеден құлау дерегі азаймай тұрғанын айтып, ата-аналарды мұқият болуға​ шақырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз