
ПРЕЗИДЕНТ: «ӘЙЕЛДІҢ БІЛМЕЙТІН ЕКІ АҚ НӘРСЕСІ БАР»
Atr.kz/7-наурыз. 2019 жыл. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әйел азаматтармен Ақордада өткен салтанатты кездесу кезінде айтты.
Президенттің пікірінше, дүниеде әйелдің білмейтін екі-ақ нәрсесі бар. Біріншісі, кешке қандай тамақ жасаймын деп қобалжиды. Екіншісі, тойға барғанда қандай көйлек кисем екен деп ойланады. «Гардеробтың іші толып тұрса да, бәрібір киетін ештеңе жоқ. Баяғыда Төле бабамыз «әйелің жақсы болса, бірінші — иманың, екіншісі — жиғаның, үшіншісі — ырысың» деп айтқан екен. Сіздер әрдайым ер азаматтарға қолқанат болып, оларды үнемі қолдап келесіздер», — деп атап көрсетті Мемлекет Басшысы.

«Қазіргі жаһандану заманында қазақ қызына тән асыл қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор. Мен осыны ылғи айтып жүремін. Ибалы қыз, инабатты келін, ардақты аналарымыз көп болса, өскелең ұрпақтың болашағына алаңдамаймыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»