Исатай ауданында ауыл тұрғындарына арналған көпқабатты үй салынып жатыр

kurylys 3 Жаңалықтар

Исатай ауданында 60 пәтерлі үйдің құрылысы 2019 жылы басталған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Брифинг барысында Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім еткендей, Аққыстау ауылында үш қабатты тұрғын үй салынып жатыр.

«Дан-Строй-База-ЛТД» мердігер компаниясы келесі жылы жаңа үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

-Аудан орталығында 320 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, Тұщыдық ауылында 350 орындық мектепті кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жақын арада аяқталады, – деді әкім.

Исатайлықтарды мазалаған сауалдың бірі – газдандыру.

Қазір халықтың 97 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. «Биылғы жылы Амангелді ауылына да газ тартылды. Ал , келесі жылы Жасқайрат және Қызыл үй ауылдарына газ жүргізуді жоспарлап отыр» деп нақтылады спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз