Бүгін қандай күн?

calendar1 Жаңалықтар

Аtr.kz/15 мамыр, 2019 жыл. Оқырмандар назарына бүгінге арналған күнтізбені ұсынамыз.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық отбасы күні 1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Халықаралық климат күні 1992 жылы Халықаралық қауымдастық парникті газдардың ауаға таралуымен байланысты қауіпті мойындай отырып, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конвенциясына қол қою туралы уағдаласты.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1989 жылы Алматыда қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторлары – мүсінші Хакімжан Наурызбаев пен сәулетші Шота Уәлиханов. 1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Атом қуаты жөніндегі агенттігі құрылды. 1992 жылы Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылды. Әзербайжан келісімге 1993 жылғы 24 қыркүйекте, Грузия 1993 жылғы 9 қыркүйекте, Беларусь 1993 жылғы 31 желтоқсанда қол қойды. 1999 жылғы 2 сәуірде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері келісімнің мерзімін келесі бесжылдыққа ұзарту туралы хаттамаға қол қойды. Алайда Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан оның мерзімін ұзартудан бас тартып, Өзбекстан сол жылы Демократия және экономикалық даму ұйымына қосылды. ҰҚШ-нің 2002 жылғы 14 мамырда Мәскеуде өткен сессиясында ұйымды толыққанды халықаралық ұйымға – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) айналдыру туралы шешім қабылданды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды. 2009 жылы Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның («Болашақ») Германиядағы және Еуропадағы құрлықтық елдердегі өкілдіктері ресми түрде ашылды. 2012 жылы Бейжіңде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚХР Мәдениет министрлігі және Қырғыз Республикасы Мәдениет және туризм министрліктері арасында ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне тарихи және мәдени ескерткіштерді бірлесіп ұсыну туралы меморандумға қол қойды. 2013 жылы Алматыда Қазақ халық музыкалық аспаптары музейі жөнделгеннен кейін қайта ашылды. 2015 жылы FIA (Халықаралық автомобиль федерациясы) ралли-рейді бойынша әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. «Фараондар раллиі» жарысы Мысырда өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық «Astana Motorsports» командасы Т2 санатында екінші және Т4 санатында бірінші орын алды. 2015 жылы қазақстандық әскери қызметшілер 3D-құрылғылар арқылы әскери техниканың толық үлгісі мен оның құрамдас бөлшектерін жасауға кірісті. Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің базасында жаңа жоғары технологиялық инженерлік-техникалық зертхананың арқасында жүзеге асты. 2016 жылы Парижде Carrousel du Louvre галереясында дарынды қазақстандық суретшілердің «Қазақстан ғажайыптары» көрмесі ашылды. 2018 жылы «Бурабай Даму» визит-орталығында Бурабай тарихы музейі ашылды. Ол 3 залдан тұрады: тарих залы, этнография залы және Бурабайды зерттеушілер залы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз