17 қарашада «Қыс — 2016» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтеді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті 2016 жылғы 16 — 18 қарашада «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында өтеді. Жаттығудың басшылық штабын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин басқарады. Атырау облысы бойынша оқу-жаттығу жетекшісі – облыс әкімінің орынбасары Т.Шәкімов, оқу-жаттығу жетекшісінің орынбасары – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Өмірзахов, оқу-жаттығу штабының бастығы – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары полковник З.Бердашев.
«Қыс – 2016» республикалық командалық-штабтық жаттығу барысында шұғыл әрекет ету жасағының жауынгерлік дайындығы, Ішкі істер министрлігі ТЖК бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы тексеріледі. Жаттығуға жұмылдырылған орталық және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен жаттығу орнында қысқы кезеңде төтенше жағдайды жою бойынша практикалық мәселелер пысықталады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің қысқы кезеңге әзірлігі бойынша, электр және жылу жүйелерінің жұмыс істеуі, апаттық-құтқару қызметі мен құралымдарының техникалық жарақтануы, жанар-жағар, инерттік және құрылыс материалдарының қоры туралы мәселелер тексеріледі. Сонымен қатар, жолдардың жағдайына ерекше көңіл бөлінетін болады. Қар құрсауындағы учаскелер, жылыну және тамақтану бекеттерінің орналасуы, сондай-ақ шекаралас облыстармен өзара әрекет ету мәселелеріне баса көңіл бөлінеді.
1- жаттығу орны:
17 қараша. Сағат 09.00-дан 09.30-ға дейін (Бәйтерек ауданы) – облыстық шұғыл әрекет ету жасағының күштер мен құралдарының дайындығын тексеру.
2-жаттығу орны:
Сағат 09.40-дан 10.20-ға дейін (Алмагүл мөлтекауданы, №23 үй) өрттерді жою және зардап шеккендерге көмек көрсету.
3-жаттығу орны:
Сағат 10.40-ден 11.20-ға дейін (сүт комбинаты маңы, №4, №5 павильоны №1 магистрал торабы) – диаметрі 500 мм. құбыр желісін ауыстыру.
4-жаттығу орны:
Сағат 11.30-12.00 (Атырау қаласынан 25-ші шақырымда Атырау – Астрахань тас жолы) — қарлы бұрқасын кезінде төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.