№4 маршрутта – ЖАҢА АВТОБУСТАР

«АйсТрансХолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа көліктермен толықты. Мұнда Қытай елінен тағы да он автобус алынды. Олардың бәрі бүгіннен, яғни, 1 сәуірден бастап «Нұрсая» ықшамауданы мен «Дина» сауда орталығы аралығына қатынайтын №4 маршрут бойынша жолаушылар тасымалдауды бастайды.

Жалпы, Атырау қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі көлік және байланыс секторының меңгерушісі Қуаныш Ибрагимовтың айтуынша, бұл шара шаһар басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған. Өйткені, жыл санап жаңа ғимараттар қатарға қосылып жатқан «Нұрсая» ықшамауданы тұрғындарының талабы да артып отыр. Мұнда алдағы уақытта да ондаған тұрғын үй пайдалануға берілуі жоспарланған. Демек, халық саны қазіргіден де көбеймек.
Ал, «АйсТрансХолдинг» мекемесінің басшысы Мақсот Сүйінов қаладағы жолаушы тасымалын жақсарту бағытында алдағы уақытта тағы да бірнеше жаңа көлік алу жоспарланып отырғандығын айтады.

Меңдібай CҮМЕСІНОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз