
ЖаңалықтарҚұқық
Полиция қызметкері пара алу үстінде ұсталды
Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі редакциямызға хабарлады.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Индер ауданық Ішкі істер аға тегеушісі А.Б.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.
Тергеу дерегінше, полицей қылмыстық қудалауға ұшыраған баланың әкесінен қылмыстық істі тоқтату үшін 90 мың теңге пара алған. Сондай-ақ ол баласының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы оқу орнына хат жібермеуге уәде еткен.
Антикоррупциялық қызмет Департаментінің қызметкерлері оны пара алу үстінде құрықтаған. Тергеу амалдары әлі де жалғасуда.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ