Жарнама
Жаңалықтар

Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс пен тәжірибе

Педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін беретін, сәйкесінше өңірдегі орта білімнің сапасын арттыруға септігін тигізетін ауқымды әрі нәтижелі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі «Оpen day BINOM: Атырау қаласындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейлеріндегі ашық сабақтар» іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған өңірдің 400-ге жуық педагогі қатысты.

efb4e825 5336 4b07 844a 6e433e9da60c

Жоспар аясында бұған дейін өткізілген workshop, конференцияларға қатысқан 64 атыраулық педагог аталған іс-шарада атыраулық және астаналық BINOM SCHOOL мектеп-лицейлерінің мұғалімдермен бірлескен сабақтар өткізді. Сондай-ақ оқытудың тиімді әдістері қолданылған озық педагогикалық іс-тәжірибелерді таратты.

16ac3720 6c1e 4e14 a6c1 0e5e664d2e35

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шаралардың жалғасы ретінде наурыздың 27-28 күндері өңірдің 600-ден астам мұғалімін қамтитын ІІ дәстүрлі “Atyrau Teachers Summit”   педагогикалық идеялар фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Саммит мектеп пен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығының практикалық және теориялық алғышарттарын, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелерін талқылауға бағытталған.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button