Жарнама
Жаңалықтар

Педагогтердің облыстық тамыз конференциясы басталды

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен педагогтердің облыстық тамыз конференциясы басталды. Шараның басты мақсаты – цифрландыру дәуірінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәсілдерді анықтау.

d953523d cdb4 4f48 ab28 007b001c3734

Конференцияға педагогтер, білім басқармасы басшылары, әдіскерлер және сала ардагерлері қатысуда. Бастамалар қатарында жаңа оқу жылының басым бағыттары, заманауи мектеп пен жасанды интеллектіні енгізу жолдары, педагогтердің кәсіби дамуы мен жұмысшы мамандықтар бойынша өңірлік тәжірибелер таныстырылуда.

8bd1cbbd 646a 4f31 816a 840ef4611f25

Шара барысында сондай-ақ үздік педагогтер марапатталып, концерттік бағдарлама көрсетіледі.

1e4295a9 69ad 4b97 8be2 f9789b3e1333

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button