Жаңалықтар
Патриоттық танытқан азаматтарды наградтайтын жаңа медаль бекітілді
Патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген қазақстандықтарды награттауға арналған «Ел үміті медалі» енді 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Оқу-ағарту министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ел үміті медалі» — патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. «Ел үміті медалі» ерекшелік белгісін алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады», — деп жазылған министр Ғани Бейсембаев қол қойған бұйрықта.