Атырауда нан тапшылығы болмайды

289c0418af3d1d52 Жаңалықтар

Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Әлеуметтік желіде, соның ішінде, «ватсапп» бойынша «Атырауда наубайханалар жабылады» деген хабарламалар тараған болатын. Бұл – жалған ақпарат. Наубайханалар, керісінше, өз өнімдерін арттыруға мүдделі.

Бұл туралы «Atr.kz» сайтының редакциясына Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметінше, бүгінде Атырауда сегіз наубайханада күнделікті 40 мың нан пісірілуде. «Дәулет нан» наубайханасының өкілі Фарух Абдуллаевтың айтуынша, кәсіпорын нан өнімін тәулігіне 7 мыңнан 15 мыңға дейін арттыруға ниетті.

 – Қазіргі  таңда цехта 90 адам нан пісірумен айналысады.  Кәсіпорында жұмыс орындарын қысқарту көзделмеген.  Керісінше, біз қосымша жұмысшылар тартуға ниеттіміз, – дейді ол.

Бүгінде  облыс көлемінде 824 тонна ұн болса, оның 520 тоннасы – тұрақтандыру қорында.  Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік қосымша 17 115 тонна ұн сатып алуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, «5 сәуірге дейін нан пісірілу тоқтатылады наубайханалар жұмыс жасамайды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.  Жалған ақпарат таратушы тұлғалар  жауапқа тартылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/sүjinshi-elimizde-18-adam-koronavirusty-zheңdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз