Жарнама
Жаңалықтар

Пәтер кімдерге беріледі?

Биыл Атырауда әлеуметтік осал топтағы отбасылар баспаналы болады. Оның ішінде жүзге тарта пәтерді облыс орталығынан, қалғанын аудандардан беру жоспарланып отыр. Ал апатты көпқабатты үйлер мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі жол картасын жасақтаған. Сондай-ақ, енді «Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып саналады. Яғни, пәтер кезегіне қатысты мәселелер аталған банк құзіретіне беріледі. Бұл туралы толығырақ «Отбасы банкі» Атырау облыстық филиалының директоры Нұржан Мұғалімовтен сұраған едік.

– Білуімізше, енді тұрғындарды кезекке тіркеу «Отбасы банкінің» құзыретінде болады…

– Иә, былтыр Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға өзгеріс пен толықтырулар енгізген болатын. Осынау заңнама аясында кезекке тұру, мониторингілеу жұмыстары «Отбасы банкіне» тапсырылып отыр. Бұған дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі атқарып келген функция енді 6 айдың ішінде банкке беріледі. Бүгінде осы шаралар қолға алынуда. Біз инновациялық технологияларды қолдану арқылы тапсырманы жүзеге асырудамыз.

– Ал пәтер бөлу қалай жүзеге асырылады?

– Жаңа заңға сәйкес, 5 жыл бойы басында үйі болмаған кез-келген тұрғын баспана кезегіне тұра алады. Әрине, мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы жеңілдікпен пәтер берілген кезде ең алдымен Ұлы Отан соғысы және оған теңестірілген ардагерлерге, жетім балалар, көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар секілді әлеуметтік осал топқа бірінші кезекте қарастырылатын болады. Содан кейін кезектегі басқа адамдарға беріледі.  

– «Баспанаға мұқтаж» мәртебесін банкке барып растау қажет пе?

– «Отбасы банкі» ұлттық даму институтының негізгі міндеті – ел бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастарын дамыту. Осылайша, тұрғын үйді есепке алу, орналастыру және бөлу орталықтандырылады. «Отбасы банкі» негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, баспанаға мұқтаж барлық адам кіреді. Орталық мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген бірыңғай ақпараттық база болады. Орталықтың құрылуы тіркеу процесін жеңілдетеді. «Баспанаға мұқтаж» мәртебесін растау үшін түрлі мекемелерге хабарласудың, кезекке тұрудың, несие алу үшін банкке барудың қажеті болмайды.                                                                              

Дайындаған Айбөпе САБЫРОВА

Коллажды жасаған Айнагүл ЖОЛДЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button