Жарнама
Жаңалықтар

«Жайық толқындары – 2022»

АТЫРАУДА АЛҒАШ РЕТ ФЬЮЖН ФОРМАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚЫСҚЫ БАЛЛ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН ІС-ШАРА «ЖАЙЫҚ ТОЛҚЫНДАРЫ – 2022» ДЕП АТАЛЫП, ОҒАН МҰНАЙЛЫ ӨҢІРДЕГІ 24 ОРТА КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕН 200-ГЕ ТАРТА МЕКТЕПТЕН 50 ЖҰП ҚАТЫСТЫ.

Түрлі музыкалық бағытты тоғыстыратын фьюжн ерекше форматындағы жастар кешінде классикалық вальстен бастап, заманауи билерге дейін қамтылды. Облыстық білім беру басқармасы əдістемелік орталығымен аталған жоғары оқу орнының ұйымдастыруымен өткен ісшараның басты мақсаты – биыл қорытындыланғалы отырған «Балалар жылы» аясында облыстың белсенді жастарын өзара таныстыру, олардың достық ынтымақтастығын арттыру, өнерлі жастарды іріктеу.

Балды би кеші 7 сазды композициядан құралған. Музыкалық композиция вальстен басталады да, əрі қарай флэшмоб форматында басқа ырғаққа ауысады. Балл қорытындысымен жұптар «Үздік киім үлгісі», «Үздік жұп», «Үздік шаш үлгісі», «Үздік таныстыру», «Көрермен көзайымы» атты түрлі аталым бойынша марапатталса, «Қысқы балл ханзадасы мен ханшайымы» атауына Халықаралық қатынастар жоғары инновациялық колледж жұбы ие болды. Озық шыққан жұптарға диплом, қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар берілді. Биыл облыста 5400-ден астам түлек үлкен өмірге жолдама алса, 4500-дей колледж студенті жас маман атанады.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button