Жарнама
Жаңалықтар

Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады

Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысу туралы Жолдауын мақұлдады.

Айта кету керек, БҰҰ шақыруы бойынша өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен резерв ротасы ретінде 139 әскери қызметші санындағы алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін «БҰҰ-ның Голан жотасындағы бөліну процестерін бақылау жөніндегі күштері» миссиясына (UNDOF, Сирия-Израиль) орналастыру 2024 жылғы наурыздан бастап жоспарланып отыр. Ол үшін тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын БҰҰ-мен халықаралық шарт жасалатын болады.

Осыған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне неше әскери тартылатынын мәлім етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button