Теміржолшыларды не толғандырады?

Temirzholshyilardyi ne tol andyiradyi.doc Жаңалықтар

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын басым бағыттарды насихаттау бағытындағы «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің жауапты өкілдерінен құралған топ жақында «Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесі филиалының ұжымымен кездесті. Шараның маңыздылығынан шығар, басқосуға жиналғандар қарасы көп болды.

Теміржолшыларды не толғандырады.doc

Латын қарпіне көшудің мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге қандай әсері болады?  Мектептерде латын әліпбиін оқыту қалай жүзеге асырылады? Елдегі егде тартқан азаматтардың латын қаріптерін меңгеруі қиындық тудырмай ма? Рухани жаңғырудың қоғамның дамуындағы рөлі қандай болады?

Әкімшілік ғимаратындағы үлкен залды лық толтырған теміржолшылар жоғарыдағы тақылеттес сауалдарды қойып, жауап алуға асықты.

Жарты ғасырдан аса тарихы бар Атырау темір жол бөлімшесі аймақтың дамуына айрықша үлес қосып келеді. Облыстың индустриялық-инновациялық жобаларының жүйелі жүзеге асуына болатжолшылардың көрсетіп отырған көмегі ұшан-теңіз. Бөлімшенің жүк айналымы жоспары үнемі асыра орындалады. Бүгінде ұжымда сегіз мыңнан аса адам жұмыс жасайды.  Ұжымдық шартта айтылғанындай, қызметкерлерге барлық қамқорлық шаралары қарастырылған. Темір жол саласында оқып келген түлектер тұрақты қызметпен қамтамасыз етіледі. Осы салада қызмет етіп жүргендердің тең жартысы – жастар.

Бөлімшенің бас инженері Бауыржан Қартан жиынды ашқан соң облыстың бас басылымы – «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Нұрлан Қабылов Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі бағдарламалық мақаласы мен оның қоғамды дамыту, тұрақтылықты нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, тағылымы мол тарихымызды ұрпақтар жадында сақтаудың маңызы жайлы әсерлі әңгіме өрбітті. Көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап берді. Жиналған жұртшылықпен еркін пікір алмасу барысында облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, арнаулы тілші Қаршыға Көшеков, «Атырау» газетінің шолушысы Бақытжан Жұмат өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесуде темір жол қауіпсіздігі жөніндегі аға ревизор Жексен Жетібаев, ШЧ-8 мекемесінің электр жөндеушісі  Нұрәділ Қабдіров, жетекші инженерлер Әйгерім Тұрғалиева,  Талғат Тілеуғалиев,  инженер Айсұлу Қабдеш мақалаға қатысты ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Жиында «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Н.Қабылов жергілікті мемлекеттік басылымдарға қолдау білдіргені үшін  бөлімше басшысы атына әріптестік хатты табыс етті.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз