ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ – ҚҰРМЕТ

Облыстық, аймақтық және республикалық БАҚ құралдарында қызмет жасайтын ардагер-қаламгерлерді, байырғы журналистер мен саланың  жас мамандарын кәсіби мереке қарсаңында  қала әкімі Нұрлыбек Ожаев қабылдап, сый-құрметін көрсетті.

 

Өңірдегі келелі істер мен қала халқының мұң-мұқтажын жазудағы кәсіби шеберлігі мен қызмет барысындағы жоғары іскерліктерін, жанқиярлық еңбектерін атап өткен  шаһар басшысы газеттер мен телеарналардың бір топ тілшілері мен телеоператорларына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарын тарту етті. Сондай-ақ, бір топ әріптесіміз «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының марапаттарына ие болды. Марапатталғандар арасында облыс өмірінің айнасы –  «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов және газет шолушылары Бақытжан Жұмат пен Ағиба Қатешова да бар.

Журналистердің Нұрлыбек Ожаев бастаған қала басшылығымен арадағы ашық  та, еркін емен-жарқын әңгіме барысында қала тірлігіне қатысты түйткілді мәселелер, биыл аталып өтілетін шаһардың 375 жылдық  торқалы тойына дайындық, қала сәулеті мен инфрақұрылымын жақсарту жайы  туралы құнды ойлар мен ұсыныстар ортаға салынды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз