Жарнама
Жаңалықтар

Парижде 10 күннен кейін жазғы Паралимпиада басталады

Елімізде 2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 56 822-ні құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Министрлік таратқан деректерге қарағанда, 10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада басталады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды.

«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астанада алдағы 8-13 қыркүйекте осы жылдың айтулы оқиғаларының бірі – Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтеді. Дүбірлі додаға жалпы саны 100-ге жуық мемлекеттің делегациясы келеді. 2500 мыңнан астам спортшы бақ сынайды. Бүгінгі таңда 89 ел нақты қатысатынын ресми түрде растады. Көшпенділер ойындарында ұлттық спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button