САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткер Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов халық арасында болып, сайлаушылармен кездесті.
Кездесу Дамбы, Құрманғазы, Тасқала және Водников елді мекендерінде өтті. Халықпен әңгімелесу барысында Ермекқали Төлепқалиұлы сайлауға Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан түсіп отырғанын айтып, партия фракциясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі, филиалдың аймақтағы жұмыстарына, сайлауалды бағдарламасына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, сайлаушылардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Тұрғындар арасынан сөз алған азаматтар елді мекендердегі газ, жол, жарық проблемаларын тілге тиек етіп, көгалдандыру, экология мәселелеріне де тоқталды. Сонымен қатар балабақша, мектеп және өнер мекемелеріне бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуді сұрады.
Мұндай жүздесулер басқа елді мекендерде де өткізілмек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз