Пара алған полиция қызметкері жауапқа тартылды

ФОТО ПОЛИЦИЯ Жаңалықтар

Атырауда пара алған полиция қызметкері жауапқа тартылды. Қылмыстық іс Индер аудандық сотында қаралған.

ФОТО - ПОЛИЦИЯ

Сотта анықталғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Индер аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі жәбірленушіден 30 мың теңге пара алу кезінде ұсталған.

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға бола тұра, пайдакүнемдік пиғылмен, тікелей қасақаналықпен, пайда табу мақсатында аудан тұрғынан жалпы сомасы 60 мың теңге пара алып, қылмыстық ойын соңына дейін жеткізген.

Индер аудандық соты айыпталушыны қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен айыппұл жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Фото time.kz сайынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз