ЖЕКЕМЕНШІК МАЛДӘРІГЕРЛІК ДӘРІХАНА

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Махамбет селосында заманауи үлгідегі  жекеменшік малдәрігерлік дәріхана ашылды. Жаңа нысанның  иесі – жергілікті азамат, жеке кәсіпкер Асқар Қабесов.

 

Әрине, атакәсіп – мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарына, жалпы мал ұстайтын ауыл тұрғындарына қажетті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды саналатын мұндай істі қолға алудың өзі оңай еместігі де белгілі. Осындай жауапкершілікті жете сезінген Асқар тәуекелге барып, аудан орталығынан аталған нысанды салуға бел буды. Сол үшін де мемлекеттен 5,4 млн.теңге көлемінде несие алған.

– Соңғы жылдары ауданда төрт түліктің саны айтарлықтай артқан. Соның ішінде, қой мен мүйізді ірі қара малының, түйе мен жылқының да басы біраз өскен. Мұнда әсіресе, жеке қожалықтардағы малдың үлес салмағы басым түскен. Осының бәрі олардың зоотехникалық-малдәрігерлік талаптарға сай бағып-күту, сондай-ақ, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал түрлі жұқпалы ауруларды болдырмау мен сақтандыру деңгейін көтеруге де көбірек көңіл бөліп, профилактикалық шараларды уақытылы жүргізуді қажетсінетіндігі де даусыз. Дәл осы тұста оларға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер мен препараттардың сапалы да сенімді, әрі қолжетімді болуы, профилактикалық шаралардың белгіленген тәртіппен ұйымдастырылуы шарт. Жаңа дәріхана осы талаптардың толықтай сақталынуына кепілдік береді,-дейді аудан әкімінің орынбасары Азамат Айманакумов.-Бұған дейін де ауданда екі бірдей малдәрігерлік дәріхана іске қосылған. Енді міне, олардың қатары үшіншісімен толығып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ,

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз