Жаңалықтар
Пандемия: Қазақстан адам шығыны бойынша әлемде алтыншы орында
Атырауға арнайы сапармен келген «Ел үшін егілемін» штабы мүшелері баспасөз-коференциясын өткізді.
Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, ауру тамызда былтырмен салыстырғанда алты есе өскен.
Күн сайын елімізде жүзден аса адам коронавирустан көз жұмуда. Нәтижесінде, Қазақстан әлем бойынша алтыншы орынға шығып отыр.
Одан әрі штаб мүшелері жергілікті кәсіпорындарға барып, ондағы еңбек ұжымдарымен және кәсіпкерлермен кездесті. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен көтерілген мәселелер негізінде арнайы хаттама жасақталып, жауапты органдарға жолданатын болады.