Жарнама
Жаңалықтар

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ атауын ауыстырды

Бұл мекеме енді «QAZAQGAZ AIMAQ» деп аталады. Осылайша, еліміздегі газ таратушы оператор – Ұлттық компанияның атауымен бірге оның логотипі де өзгерді.

Сондай-ақ, компанияның ішкі бизнес-процестері де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістің толық циклын (газды тасымалдаудан бастап, тұтынушыға жеткізілгенге дейінгі) толықтай өзіне қайтарып алды. Бұл туралы ұлттық компанияның ресми парақшасында жарияланды.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысымен акционерлік қоғамның тапқан таза пайдасы 3,5 млрд. теңгеге жеткен. Ал, алдыңғы 2022 жылы оның шығыны 5,6 млрд. теңгені құрапты.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button