Жарнама
БілімЖаңалықтар

Озық жүйенің жаңалығы

Жаңа оқу жылынан бастап 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңартылған бағдарламамен білім алады. Енді аталған сыныптарда «5, 4, 3» деген баға болмайды, оның орнына «мақсатқа жетті», «мақсатына талпынып жатыр», «қанағаттандырарлық» деген секілді бағалау жүйесі енгізілмек.   

a21bd588c23da4809a61f86d223da3e0_L

Назарбаев Зияткерлік мектебінің  ұстаздары облыс мұғалімдеріне бағалау жүйесінің жаңа тәртібі туралы тәжірибелік сабақ өткізді.

Аталмыш оқу ордасының  директоры Айдарбек  Айтбөкешовтің айтуынша,  жаңа бағалау жүйесі балалардың оқуға ынтасын арттырады. «Әзірге орта мектептер ішінен 2, 5, 7-сынып оқушылары арнайы таңдалып отыр. 2019 жылға дейін мектептегі барлық сыныптар осы бағалау жүйесіне көшеді» деді ол.  Жаңа бағалау жүйесі туралы да  кеңірек түсіндірді.

Сыни бағалау жүйесі екіге бөлінеді: сабақ үстіндегі қорытынды бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау. Қорытынды бағалау – бұл күнделікті сынып жұмысы барысындағы бағалау. Баға оқушыларға сандық белгі ретінде емес, оқушылардың жұмысына ұсыныстар ретінде беріледі: не жақсы істелді, қай жерде қате жіберілді, оны қалай түзету керек? Мұғалімнің бағалау ұсыныстары баланың оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, оқушының оқу көзқарасына жағымды әсер етеді. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқудан кейін немесе белгілі оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда жүргізілетін бағалаудың жинақтаушы түрі. Сондай-ақ,  тілдерді оқыту барысында «тыңдалым», «айтылым», «оқылым» және «жазылым»  сияқты әдістер қатар қолданылады.

Өткен жылы бастауыш сыныптарға енгізілген білім берудің жаңа мазмұны биыл да өзге сыныптарда апробациядан өтеді. Зияткерлік мектептердің тәжірибесінде қолданылатын кіріктірілген білім беру жүйесінің озық үлгілері аймақтық тамыз кеңесіне қатысқан 600-ден астам пән мұғалімдеріне жан-жақты таныстырылды. Оқытудың жаңа стандарты білім алушы балаға қандай мүмкіндіктер береді? Оқушының өз бетімен білім алуы үшін мұғалім қандай әрекеттер атқаруы тиіс? Бұл сұрақтарға іс жүзінде тәжірибе бөліскен Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері 16 пәндік секция бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button