Жарнама
Жаңалықтар

ӨЗАРА БАЙЛАНЫС БЕКИ БЕРМЕК

 

1980 жылы халықаралық менеджмент мектебінде оқып, азаматтық нысандарды жобалау мен құрылыс жүргізу саласының магистрі атанған 57 жастағы Бруно Жардэн – 30 жылдан бері өз отаны Франциядағы «ЭССО» компаниясында, сондай-ақ, «Эксон Мобил» корпорациясының шетелдердегі бірқатар филиалдарында мұнайды барлау, өндіру, өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу салаларында еңбек еткен тәжірибелі маман.

Осы лауазымға тағайындалғанша Бруно Жардэн мырза «ЭксонМобил Қазақстан Инк» компаниясының атқарушы директоры қызметін 2012 жылдан бері атқарып келді.

Әкімдіктегі жылы жүзді кездесу барысында Бақтықожа Салахатдинұлы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстан мұнайын өндіру мен өңдеу, тасымалдау жөніндегі жұмыстарынан компания жетекшісін хабардар етті. Әкім аталмыш компаниямен екі жақты байланыстың бұрынғыдан да беки түсетіндігіне сенім білдіріп, мұнайшы әріптесінің жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде НКОК-тың басқарушы директоры Б.Жардэн өзін осындай жылы қабылдаған аймақ басшысына ризашылығын білдірді.

Б.ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button