Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Oтыз жеті Атыраулық тұрақты жұмысқа орналасатын болды

Атырау облысындағы Жанбай, Зинеден ауылдарының 37 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасатын болды.

Rg8G228LMa8

Естеріңізге салайық, сәуір айының басында балық қорғау инспекциясы бекіре қорының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған еді. Бұл ауыл тұрғындарының  ренішін туғызған  болатын.  Осыған орай  бірнеше рет  жиналыстар өтті.

Жақында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен соң қос ауыл тұрғындарынан 117 түйіндеме қабылданды. Өткен айдағы ақпарат бойынша, олардың 37-сі тұрақты жұмысқа орналасатын болды. 16 адамның кандидатуралары қайтадан зерделеніп жатыр.

Маман қабылдап жатқан ұйымдардың дені «Теңізшевройл» мұнай компаниясымен бірлесіп жұмыс істейді. Ұсынылған мыңға жуық қызметтің ішінде көлік жүргізушісі, құрылысшы секілді жұмыс орындары бар.

Айта кетелік, бұған дейін Жанбай, Зинеден ауылдарындағы жұмыссыздардың саны 118 болған еді. Елді мекендегі кейбір тұрғындар балық аулаумен айналысады.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button