Жарнама
Жаңалықтар

«Отбасы – бақыт мекені»

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округінде Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу және ауыл тұрғындарының рухани бірлігін арттыру болды.

6f4c6723 d179 437f b718 91d7e5f01f4b

Мерекелік жиынға арнайы қонақ ретінде биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері Отаровтар отбасы шақырылды. Әулет мүшелері отбасы өмірі мен тәрбиелік тәжірибесі жайында әсерлі әңгімелеп, өз ой-пікірлерін ауыл тұрғындарымен бөлісті. Осы орайда округ әкімі отбасыға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

46830fff ee12 4839 8589 69a0360d45ca

Іс-шара барысында ауыл өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, концерттік бағдарлама ұсынды. Жиналған жұртшылық көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мерекеге ауыл ақсақалдары, округ әкімі және жергілікті тұрғындар белсене қатысты.

Осындай игі бастамалар – ауыл өмірінің рухани тірегі әрі отбасы институтының қоғамдағы маңызын арттыратын маңызды қадам екені айтылды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button