Орындалмаған өтініш тиісті орындардың араласуымен шешілді

foto Жаңалықтар

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер құқығының  өрескел бұзылғандығы жайлы жазбаша шағым түскен болатын.

Бұл мəселе жақында палата жанындағы кəсіпкерлердің құқығын қорғау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекет жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылған. Талапарызда келтірілгендей, Атырау қаласындағы «NAMS-Құрылыс» ЖШС-нің кеңсе-дүкені жуырда реконструкциялау жұмыстары жүргізілген жолдың бойында орналасқан. Құрылыс басталмас бұрын кеңсе ғимаратының қасбеті аумағына (ауданы шамамен 500 шаршы метр) асфальт төсеу үшін оның алдындағы жиектастарды жермен бірдей етіп жіберу жөнінде қалалық əкімдікке өтініш жасаған. Ондағы мақсаттары – ғимарат аумағына көліктердің кедергісіз жəне қауіпсіздік жағдайында кіріп-шығуын қамтамасыз ету болатын. Осындай өтініш бойынша қала əкімдігіне төрт мəрте хат жолдадық. Соған байланысты күн сайын дерлік талабымыздың орындалуына жауапты қалалық тұрғын үйкомммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің маманына хабарласып, жағдайды б і л і п т ұ р д ы қ . О л д а ө з кезегінде бізді қойып отырған мəселеміздің оң шешімін табатынына сендірумен болды. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін кеңсеміздің алдындағы жолды толықтай жиектаспен жауып, автокөліктер кіріп-шығатын кішкентай ғана учаскені ашық қалдырды. Сөйтіп, өтінішіміз орындалмады, – дейді серіктестік директоры Гүлнəр Мұханғалиева.

Атырау облысы бойынша кəсіпкерлер палатасының сарапшылары жүргізген талд ау ж ұ м ы с т а р ы ə к і м д і к қызметкерлері тарапын а н к ə с і п ке р қ ұ қ ы ғ ы н ы ң бұзылғандығын көрсетті. Соның негізінде палата құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу басқармасына қызметтік хат жазған. Өз кезегінде, заңдылықты қадағалаушы қ ұ р ы л ы м қ ы з м е т к е р л е р і жүргізген тексеру нəтижелері де жергілікті атқарушы органда қызмет істейтін жекелеген лауазымды тұлғалардың тарапынан заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгендігін р а с т а д ы . Ат ап а й т қ а н д а , кəсіпкердің бірнеше қайтара жолдаған өтініші қараусыз жəне ешқандай есепке алынбастан қалдырылған болып шықты. «Бүгінгі таңда серіктестік басшысының қойған талабы толықтай қанағаттандырылды. Кəсіпкер құқығының бұзылуына кінəлі деп танылған қала əкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары тиісті заңдылық шеңберінде тəртіптік жауапкершілікке тартылды» дейді мəселенің мəнісін түсіндірген Атырау облысы бойынша кəсіпкерлер палатасының кəсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уəкілінің сектор меңгерушісі, директордың орынбасары Сəрсенбай Жолдыбаев. Осылайша, «NAMSҚұрылыс» ЖШС заңды құқығын қорғап шықты.

Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз