Атырау облысында 15 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалды

Жаңалықтар

Атырау облысы Жылыой ауданының құқыққорғау органдары оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жергілікті тұрғынға қатысты соталды тергеу жүргізуде деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

pogudx6u5rlvscp7f.c8a7fffb

Қылмыстық кодекстің «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» бабы бойынша тергеу басталды.

Аудандық прокуратураның аға прокуроры Жарас Омаровтың айтуынша, бұл факт қыз бала әйелдер консультациясына жүгініп, есепке алынған соң белгілі болып отыр. Олар өткен жылдың жазында жыныстық қатынасқа түскен. Сол кезде жігіт 19 жаста, ал қыз 15 жаста болған.

Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-тармағы бес жылға бас бостандығынан шектеуді немесе сол мерзімге айыруды көздейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз