«Taza picnick»: Атырауда айрықша акция өткізілді

img 20201005 wa0024 Жаңалықтар

Atr.kz/7 қазан, 2020 жыл. Жайық өзенінің жағалауында «Taza picnick» акциясы өтті. Оған 400-ге жуық адам белсене қатысты.

Аумағы 2 гектарды құрайтын Жайық жағалауы «Отбасы» паркі деп аталады. Акция кезінде жағалауға Алматы қаласынан жеткізілген 380 алма ағашы отырғызылды. Бұдан басқа, тал, ясин ағаштары егілді. Теректердің барлығы тамшылатып суарылады.                    

–  Қазір тал егуге өте қолайлы кезең. Сондықтан, бұл күн ағаш отырғызу акциясы болып белгіленіп, іс-шараға барлық мемлекеттік орындар атсалысуда. Бұл жұмыстар арнайы мамандардың кеңесімен барлық технологиясы сақталып, жүзеге асуда. Жоспар бойынша өңірде бес жылдың ішінде 15 мың түп ағаш отырғызылуы тиіс, – деді Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.                                        

Ал, облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың айтуынша, аймақта қоршаған ортаны қорғауда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, экология департаментімен, ірі кәсіпорындармен бірлесіп, арнайы жол картасы дайындалды. Аталған акция жол картасының бір тармағы ретінде ғана қолға алынған.

Бұл орын алдағы уақытта үлкен саябаққа айналары сөзсіз.  Ағаштарды отырғызған мекемелер 3-5 жыл ішінде өздері еккен теректердің күтіміне тікелей жауапты болады. Кейін парктің жұмыстары арнайы мекемеге тапсырылады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз