Орны толмас өкініш: Жасөспірімдер қылмысын қайтсек азайтамыз?
Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр. Тіпті, бүгінде өрімдей жастардың бұзақылық жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді алаңдатып отыр. Тәртібі қиын баланың есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауымыз қажет. Ендеше, қайтпек керек?
Иә, мұнайлы өңірде кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтар санының өскенін полиция полковнигі Аян Дүйсембаев есептік кездесу кезінде атап айтқан болатын. Былтыр жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 11,7 пайызға өскен.
– Бүгінде аймақта 167 ювеналды полиция инспекторы болса, оның 126-сы мектептегі ахуалды бақылайды. Полиция органдарына былтыр барлығы 3972 жасөспірім әкелінсе, олардың 3647-і – әртүрлі әкімшілік құқық бұзғандар. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына 203 құжат жолданып, қорытындысына сәйкес сот шешімімен 4 ата-ана өз құқықтарынан айырылды. Арнайы мектептерге орналастыру үшін 10 ұсыныс беріліп, оның 4-уі қанағаттандырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 143 жасөспірім орналастырылды, — дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев.
Бұл – статистикалық м ә л і м е т т е р ғ а н а . А л , есепке алынбай, ұсақ құқықбұзушылықтарға әбден бойын үйретіп алған жасөспірімдер қаншама? Ұ р л ы қ — қ а р л ы қ т ы а й т п а ғ а н н ы ң ө з і н д е , соңғы жылдары кәмелетке толмағандар алаяқтықты « т ұ р а қ т ы к ә с і б і н е » айналдырған. Оны өзіміз куә болған мына бір оқиға дәлелдейді. Өткен жаз айларында қала орталығындағы сауда үйлерінің жанынан шу шықты. Бақсақ, 13-14 жастағы қыз баланың даусы жер жарып барады. Өрімдей жап-жас қыз өзінен бірнеше жас үлкен жігіт ағасымен дауласып қояды. Екеуі де масайраған. Бір-бірін жағадан алып та үлгеріп жатыр. Екі тарап та жанжалды доғарар емес. Араға санаулы минут салып, тәртіп сақшылары да жетті. Түн ортасында тыныштық бұзғандарды екі тарапқа бөлуге үйдің тұрғындары да шықты.
Кейін полицейлер мәселенің мән-жайын түсіндірді. Сөйтсек, бір тарап – жастардан құралған алаяқтық топ болып шықты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алдын-ала ұйымдасып, келіскен жас жеткіншектер көшеде жөнімен жүрген мас адамға өздері бастап ұрынып, артынан «сүттен ақ, судан таза» болып шыға келеді екен. «Бізді қорқытты» дегенді полицияға жеткізетінін айтып, «жеңіл пайда» табатын көрінеді. Тіпті, бұл «әдістәсілдерін» «кәсіпке» айналдырып үлгерген. Былай қарасаңыз, қалада жиі орын алып жатқан қылмыстық іс. Ал, бірақ, оның артында қаншама тағдыр, жасөспірімдердің болашағы жатыр?! Рас, жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұруы тек құқық қорғау ор ган дарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға л а у ы н т а л а п етеді. Өйткені, психологмамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қа лып тасуына оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өне гелері ерекше орын алады. Ал, са бақтан тыс уақытта каникул кезінде демалыс маусымының дұрыс ұйымдас тырылмауы, көшедегі келеңсіз оқи ға лар дың көптігі қылмысқа апарар жол емес пе?
Ә р и н е , м а м а н д а р жасөспірімнің қатыгез немесе қылмысқа баруының себебін ең алдымен отбасындағы тәрбиемен байланыстырады. Психолог Нәсіп Қуанованың п і к і р і н ш е , б а л а н ы ң агрессиялық қылығының салдары әртүрлі болуы мүмкін. Жасөспірімнің өзгелерді күшпен бағындыруының жалғыз себебі – шектен тыс қызба мінезі.
Кейбір ата-ана бұған мүлде мән бермеуі немесе ең сорақысы қалыпты мінезге балауы мүмкін. Әкешеше тәрбиенің қатал стилін ұстанып, баланы жасқаншақ етіп жібереді. Ондай жас өзіне де, өзгеге де бірдеңені дәлелдегісі келіп, ашу-ызасын кейін өзгелерден алады. Ұстаздардың мұндай балаға шамасы келмеуі де ғажап емес. Керісінше, отбасында баланы шамадан тыс еркелетудің де пайдасынан зияны көп. – Жанұяда бір қыз немесе бір бала болса, ата-аналардың шектен тыс ерекелетіп, дегенінің бәрін айтқызбай-ақ орындайтынын көзіміз көріп жүр.
Ал, оның тәрбиеге кері әсер етіп жатқанын түсіне бермейді. Өкінішке орай, қазір әлеуметтік теңсіздік деген ұғым пайда пайда болды. Ғаламторда түрлі образға енген бала біресе қатыгез болып, біресе жауыздың кейпіне еніп, күні бойы көргенін жасайды. Мемлекет тұтқасын жас ұрпақ санасының улануына жол бермеуіміз қажет, — деген әңгімелесушіміз атаана әлі күнге дейін баласын тек материалдық жағынан ғана қамтамасыз етуге тырысып жүргенін, ал, оның ішкі жан дүниесіне үңілмейтінін өкінішпен жеткізді. Әрине, қазіргі заманда қаржы-қаражат керек, алайда, ақшаның түбіне жеткен адам жоқ.
Біріншіден, ата-ана баласының қатігез болып бара жатқанына өздерінің де қатысы барын түсінуі тиіс. Екіншіден, дер кезінде психологиялық көмек көрсетілмесе, келешекте оның зардабын бала да, әке-шеше тартуы мүмкін. Өмірінің қиын кезеңінде баласына қамқорлық танытып, оның проблемаларына дер кезінде көңіл бөлгені жөн. Демек, тұлғаны қалыптастыруға да үлкен еңбек керек.
– Көп ретте ата-анал а р « ж ұ м ы с , ж ұ м ы с , күнкөрістің қамы» деп шаршайды. Мектептердегі тәрбие жұмыстары аздық етеді. Ұлттық сипаты жүйке жұқартарлық. Сондықтан қараусыз, тыйымсыз, имансыз, еліктегіш жастағы ұл мен қыз бойындағы бұла күшті қайда, қалай жұмсарын білмей, отқа түскен көбелектей жанбай жатып сөнуге бой ұруда,- дейді жас ана Айгерім Кусанова.
Ал, еңбек ардагері Злила Шопанова қылмыстың «дәмін татқан» жас өскіндерімізді дұрыс жолға бейімдеу үшін баланың қандай іспен шұғылдануға бейім екендігін анықтап, сол бойынша еңбектенуге баулыған жөн екендігін айтады. Осы орайда, әрбір жастың жеке тұлға екендігін ескере отырып, бұл тұрғыда олардың пікірімен санасу да аса маңызды. Әлбетте, перзенттерінің өмірдегі өз орнын табуына алдымен ата-анасы барынша көмек қолын созуы керек. Бұл жолда ешбір ата-ана аянып қалмасы анық. Өйткені, ұл-қызын жамандыққа кім қияды?
– Қылмысқа барған жастарды түзеу оңай іс емес. Мұндай қадамға барғандардың арасында дұрыс жөн сілтеген жанның сөзіне құлақ аса қоятындары некен-саяқ. Олардың арасында бірен-сараны ғана дұрыс бағытта өмір сүруге саналы түрде қадам басуы мүмкін. Жастар арасындағы қылмыстың негізгі себебі – оларды кішкентай күнінен тәрбиелеу кезінде жіберіп алған қателіктер. Сол себептен әрбір отбасы бала тәрбиесін әу бастан-ақ басты назарда ұстағаны абзал. Шындығында, әсіресе, «ананы әперші», «мынаны әперші» десе, баланың көңілін қалдырғымыз келмей, өкпелетіп алудан қорқып, бар уәдені үйіптөгіп бере саламыз. Кейіннен сол айтқанымызды орындайтын мүмкіндігіміз болмай қалатыны да жасырын емес. «Бала ғой» деп көңілін жықпағаннан гөрі, ашық сөйлесіп, бәрін түсіндіруге тырысқанымыз әлдеқайда дұрысырақ екен. Біз тілге тиек етіп отырған нәрсенің барлығы бір қарағанда қарапайым жайт сияқты көрінетіні де рас. Бірақ, балаға жөнді тәрбие беру – болашаққа жарқын жол салу, — дейді ол.
P.S: «Бала тәрбиесі – ананың құрсағынан басталады». Бұл ұстаным ертеңгі күні бармақ тістеп қалмас үшін, бала тәрбиесін өсе келе емес, ананың бойына біткеннен бастауға шақырса керек. Өйткені, тәрбиеде жіберген кішкентай қателігіміз, ертеңгі күні орны толмас өкінішке апарып соқтыруы ғажап емес…
Айбөпе САБЫРОВА
- Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған 130 дерек анықталып, 293 жасөспірім және 100 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынған.