Атырауда мұз астына түсіп кеткен балықшы іздестірілуде

screenshot 1 2 Жаңалықтар

Атырау облысы ТЖД жедел – құтқару жасағының құтқарушылары 5 күн бойы мұз ойылып, мұз астына түсіп кеткен азаматтың денесін іздеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік,  5 қаңтар күні Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам мұз астына түсіп кеткен болатын. Сол мезетте біреуі құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.

«5 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері жалпы 24 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жалпы ауданы 450 шаршы метрден астам, тереңдігі 4-8 м  көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Су астынан бөгде заттардың көп кездесуі, судың лай болуына байланысты көріну деңгейінің төмен болуы сүңгуірлерге қиындық тудыруда. Су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының  7 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз