
Жаңалықтар
Оралда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады
9 қазан күні Орал қаласындағы Абай даңғылында Lada Priora және Мercedes автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО Полиция департаменті жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолдарда абай және мұқият болуды, сондай-ақ, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Polisia.kz