Жарнама
Жаңалықтар

«Oqyp jarys» жеңімпазы анықталды

Халықаралық Жастар күніне орай «Atyrau Jastar Fest — 2024» онкүндігі аясында Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына орай «Oqyp jarys» атты кітап оқу сайысы өтті.

Іс-шараның бірінші бөлімінде жастар жазушы, «Кейіпкер» кітабының авторы Бақтыгүл Сәрмековамен жүздесті. Тағылымды іс-шараға белсенді жастар және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жас қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қаламгермен сырлы сұхбат құрып, кітап оқу мәдениеті, жазушылықтың қыр-сыры және тағы басқа толғандырған сауалдарға жауап тапты.
Кездесудің екінші бөлімі кітап оқудан білімділікті сынайтын байқауға жалғасты. Мұнда қатысушылар Абайдың қара сөздері және Джордж Самуэл Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» кітабы бойынша әзірленген сұраққа жауап берді. Алпыс сұрақтан тұратын тест кахот қосымшасы арқылы жүзеге асты.

Қырыққа жуық үміткер қатысқан сайыста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің IV курс студенті Ринат Мұқанов топ жарып, барлығы 46 103 ұпаймен I орынды еншіледі.
– Бала күнімнен кітаппен дос болдым. Түрлі жанрдағы кітаптарды оқу менің сүйікті ісіме де айналды. Бастауыш сыныпты оқып жүрген сәтімде Абайдың қара сөздерімен танысып, тіпті жатқа айтатынмын. Әрине6 мұның бәрі менің кітапқа деген қызығушылығымды одан әрі аша түсті. Ал «Вавилондағы ең бай адам» кітабын осы байқауға қатысу үшін оқыдым. Ол да маған ерекше әсер етті. Байқау жеңімпазы боламын деп мүлдем күтпедім. Кіл мықтылар жиналған сайыста үштікке ілінуді қалағаным жасырын емес. Алайда бақ пен бап қатар шауып, жүлдегер атандым. Жастар күні құтты болсын! Мүмкіндіктер сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысым шесіз, — деді жарыс жеңімпазы Ринат Мұқанов.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button