Оқуға түсе алмай қалғандарға тағы бір мүмкіндік беріледі
Atr.kz/24 шілде, 2019 жыл. Ертең тамыз айында ақылы негізде өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталады.
«Өтініштер желілік жоғары оқу орындарында 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады», — деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының сайтында.
Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 17-20 тамыз аралығында өткізіледі. Бағасы – 2242 теңге.
Ақылы ҰБТ
Қазақстанда 11 (12) — сынып түлектерінің жылына төрт рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі бар, олардың үшеуі ақылы негізде болады.
- 15 қаңтардан 20 қаңтарға дейін (ақылы) — өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады;
- 24 наурыздан 29 наурызға дейін (ақылы) — өтініштер 1-15 ақпан аралығында қабылданады;
- 20 маусымнан 5 шілдеге дейін (тегін) — өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады;
- 17 тамыздан 20 тамызға дейін (ақылы) — өтініштер 25 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады.
Тестілеуді қаңтар, наурыз және тамыз айларында сәтті тапсырған студенттер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсе алады. Ал маусым-шілде айларындағы тестілеу мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік береді.
2019 жылы 110 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырды, олардың 82 мыңнан астамы 50 балдық шекті деңгейден өтті.
Дереккөз: «Спутник Қазақстан»