Атыраулық бишілер Түркиядан жүлдемен оралды

whatsapp image 2019 12 06 at 14.34.54 1 Жаңалықтар

Atr.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл. Атыраулық бишілер Түркияда өткен халықаралық би фестивалінен жүлдемен оралды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Атыраулық «AigerimSungat» би ансамблі Түркияда өткен «Harman Folk Istanbul» халықаралық би фестиваль-конкурсында І дәрежелі марапатқа ие болды. Аталған конкурста атыраулық 17 бүлдіршін «Маска» биін орындап шықты.
Жеңімпаздарды Атырау әуежайынан бишілердің жақын туыстары мен достары қошеметпен қарсы алды.
Биылғы  «Harman Folk Istanbul» халықаралық би фестивальіне Қазақстан, Ресей,, Пәкістан, Малайзия, Түркия, Хорватия және тағы да басқа елдерден бишілер қатысты. 
Гран-приді Малайзия бишілері жеңіп алды. 
– Биыл Гран-при Малайзия  қатысушыларына бұйырды, бұл бізді жігерлендірді, себебі келесі жылы дайындықты күшейтіп, еңбектеніп бас жүлдені қолдан бермеуге тырысамыз. Біз – 2020 жылдың сәуір айында Стамбул қаласында өтетін балалар мерекесіне арналған халықаралық фестивальға шақырту алдық. Отанымызға тағы да жеңіспен  ораламыз деген мақтаныш сезімі қатты қуантты, – дейді, ансамбль жетекшісі Айгерім Сұңғат. 
Айта кетейік, Айгерім Сұңғаттың би студиясы екі жыл жұмыс істейді. Екі жыл ішінде қоржындарында 15-тен астам халықарарлық фестивальдерден Гран-при иеленіп, Халықаралық және Республикалық конкурстардан жүлделі орындарды олжалап үлгерді.

whatsapp image 2019 12 06 at 14.34.55
whatsapp image 2019 12 06 at 14.34.54
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз