Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарСаясат

ОНЛАЙН: карантин кезінде қандай құжаттарды үйден шықпай алуға болады?

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Бұл құжаттар тізіміне туу туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат, адамның қайтыс болғандығы туралы куәлік еніп отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Забыханның қатысуымен  Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында белгілі болғанындай, сәбилі болған жас ана баланың туу туралы куәлігін онлайн түрде рәсімдей алады.

«Жас ана босанғаннан кейін оның  ұялы телефонына құттықтау хаты келеді. Содан соң ана мобильді телефон арқылы, сәбидің туу туралы куәлігіне онлайн өтінім бере алады. Және  балаға берілетін бір жолғы жәрдемақыны  рәсімдеп, сәбиді балабақшаға тіркей алады.
Немесе еgov порталы арқылы құжат тапсырады.

Сондай ақ, кісінің қайтыс болғандығы туралы куәлік  онлайн түрде рәсімделеді. Бұл құжатты  марқұмның жақын туысы немесе сенімгерлік арқылы сенім хат берілген өкіл рәсімдей алады.

Жеке куәліктің,  төлқұжаттың жарамдылық мерзімі өткен жағдайда, азамат еgov порталында ұсынылған 3,5×4,5 форматында суретке түсіп,   ақ параққа анық етіп қол қою арқылы, суреттерді жүктеп өтінім бере алады.

Дайын құжаттарды Атырау қаласындағы  Азаттық 96 «б» мекен-жайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының №3 ғимаратынан алып кету мүмкіндігі жасалған.

Және аудан орталықтарында да осы қызмет түрі қамтамасыз етілген» деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Забыхан Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штабы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button