ЖҰМБАҚ АҚЫН ЖҰМЕКЕН: Оның жыры шырқалды – ГИМН болып! (эссе)

pragngneg Жаңалықтар

Atr.kz/8 қаңтар, 2020 жыл. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевша қайырсақ, «…тереңдіктен нәр алған, биіктіктен нұр алған» Жұмекен ақынның поэзиясы оқырманымен әркез бірге жасап келеді. Оның үстіне ол – әлдекімдердей қолдан жасалғандықтан ада, өзін көзінің тірісінде-ақ мойындатып кеткен талант. Ұлылар қашан да айналасына шуақ шашып, нұрландырып жүреді ғой, ақынның өмірімде өшпес із қалдырған ұлағатын әңгімелегенді жөн көрдім.

…Өз басым Жұмекен ағаны 1978 жылдың күзінде алғаш рет көріп, жақынырақ танысқан едім. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің бірінші курс студентімін. Ару Алматыға әлі үйрене қоймаған үрпек бас бозбаламын, көп ешкімді танымаймын, оның үстіне ауылға деген сағыныш сазы әлі басыла қоймаған кез. Содан да болар, көңіл-күй түсіңкі, жүзім жабырқау. Ондайда кім-кім де жылы сөз айтар жан іздейді ғой.

Сабақтан босаған сәтте Максим Горький көшесінің бойындағы Баспалар үйінде орналасқан «Пионер» журналының редакциясына, Фариза апаға (Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова – И.Б.) барамын, мектепте жүргеннен бауыр басып қалған «Қазақстан пионері» газетіне жазғансызғанымды апарғыштаймын. Оларым күн құрғатпай шығып жататыны ғана дәтке қуат.

Сосынғы бір баратыным – «Мектеп» баспасында редактор болып қызмет істейтін немере апам Мақпал Жәмекешова. Оны Фариза апа да жақсы таниды. – Сен білесің бе, Мақпал апаңның тікелей бастығы Жұмекен Нәжімеденов қой. Ондай ақынды білуші ме едің, оқыдың ба? – деді бір күні Фариза апа (Мақпал апа «Мектеп» баспасында тарих-география редакциясында қызмет ететінін білгеніммен, бөлім меңгерушісі Жұмекен аға екенін білмеуші едім).

– «Мен туған күн», «Ақ шағыл» деген кітаптарын оқығам…

– Апаңа барғанда сәлем беріп кіріп шық, – деді Фариза апа.

Содан есіл-дертім Жұмекен ағаны бір көру болды да, сол күні тағат таппай, түнімен шала ұйқы болып шықтым. Ертесіне сабақтан соң, бірден «Мектеп» баспасына жеттім. Мақпал апама мән-жайды айта бастап едім, ол өзі мінезі шапшаң, өткірлеу кісі еді, қолымнан жетектеп, дәліздің қарсы бетіндегі кабинетке алып кірді. Төрдегі үстел басындағы жазық маңдайлы, қысық көздеу, жұқалтаң жүзді жігіт ағасы аң-таң бола қарады.

– Мына бала – ініңіз, Гурьевтен. Сізге сәлем бергісі келеді, – деді апай бірден.

– А-а, кел, келе ғой…

– «Менің шаруам бітті» дегендей Мақпал апа тез шығып кетті. Әдепкіде абдырап қалған мені Жұмекен аға жымия қарасымен, қоңыр да мейірбан даусымен өзіне тартып алды. Қайда оқитынымды білген соң, қазір қандай ақынжазушыны оқып жүргенімді

…Өз басым Жұмекен ағаны 1978 жылдың күзінде алғаш рет көріп, жақынырақ танысқан едім. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің бірінші курс студентімін. Ару Алматыға әлі үйрене қоймаған үрпек бас бозбаламын, көп ешкімді танымаймын, оның үстіне ауылға деген сағыныш сазы әлі басыла қоймаған кез. Содан да болар, көңіл-күй түсіңкі, жүзім жабырқау. Ондайда кім-кім де жылы сөз айтар жан іздейді ғой.

Сабақтан босаған сәтте Максим Горький көшесінің бойындағы Баспалар үйінде орналасқан «Пионер» журналының редакциясына, Фариза апаға (Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова – И.Б.) барамын, мектепте жүргеннен бауыр басып қалған «Қазақстан пионері» газетіне жазғансызғанымды апарғыштаймын. Оларым күн құрғатпай шығып жататыны ғана дәтке қуат. Сосынғы бір баратыным – «Мектеп» баспасында редактор болып қызмет істейтін немере апам Мақпал Жәмекешова. Оны Фариза апа да жақсы таниды.

– Сен білесің бе, Мақпал апаңның тікелей бастығы Жұмекен Нәжімеденов қой. Ондай ақынды білуші ме едің, оқыдың ба? – деді бір күні Фариза апа (Мақпал апа «Мектеп» баспасында тарих-география редакциясында қызмет ететінін білгеніммен, бөлім меңгерушісі Жұмекен аға екенін білмеуші едім).

– «Мен туған күн», «Ақ шағыл» деген кітаптарын оқығам…

– Апаңа барғанда сәлем беріп кіріп шық, – деді Фариза апа. Содан есіл-дертім Жұмекен ағаны бір көру болды да, сол күні тағат таппай, түнімен шала ұйқы болып шықтым. Ертесіне сабақтан соң, бірден «Мектеп» баспасына жеттім. Мақпал апама мән-жайды айта бастап едім, ол өзі мінезі шапшаң, өткірлеу кісі еді, қолымнан жетектеп, дәліздің қарсы бетіндегі кабинетке алып кірді. Төрдегі үстел басындағы жазық маңдайлы, қысық көздеу, жұқалтаң жүзді жігіт ағасы аң-таң бола қарады.

– Мына бала – ініңіз, Гурьевтен. Сізге сәлем бергісі келеді, – деді апай бірден. – А-а, кел, келе ғой… – «Менің шаруам бітті» дегендей Мақпал апа тез шығып кетті. Әдепкіде абдырап қалған мені Жұмекен аға жымия қарасымен, қоңыр да мейірбан даусымен өзіне тартып алды. Қайда оқитынымды білген соң, қазір қандай ақынжазушыны оқып жүргенімді сұрады.

Мен өзім білетін қазақ қаламгерлерін тізбелей түстім де, мүдіре бердім. Жайымды айтпай ұққан ақын аға маған беймәлім есімдерді, менің өңім түгіл түсіме кірмеген кітап атауларын айта бастады. Сағди, Файыз, Ахмад, Хикмет, Незвал, В.Саянов, М.Цветаева, И.Эренбург аттарын алғаш рет оның аузынан сол жерде естідім.

«Университеттің лекцияларымен шектелме, анау Пушкин атындағы кітапхананы тиімді пайдалан, онда дүниежүзі классиктерінің бәрі бар» деп ағынан ақтарыла сөйлеген ақынды аузым ашылып тыңдай бердім.

– Ұялмай келіп тұр, – деді қоштасарда жаймен ғана. Жұмекен ағамен одан кейін де әлденеше рет кездесіп, сырласа сұхбаттасып жүрдік. «Бауырым, қалайсың?» деп іш тартып тұратын. Бірақ, ең алғашқы жүздесуім сол күйі есімде жатталып қалды, әрі оған дейінгі өміріме күрт бетбұрыс жасап кетті. Бірде жоғарыда айтқан дүниежүзі классиктерінің кітаптарының тізімін жасап әкеліп, қолыма ұстатты.

Тап осындай жанашырлықты кімнен көрдіңіз?! Содан бастап мен бес жыл бойына Пушкин кітапханасынан шықпай, әлемдік әдебиет жауhарларын оқуға ден қойдым: Теодор Драйзерден «Американская трагедия», Джек Лондоннан «Белый клык», Оноре де Бальзактан «Озорные рассказы»… Бәрінің бірдей тереңіне анабір бойлай қоймасам да, бейнебір мұхитқа тап болғандай шөліркей бас қойғаным әлі күнге дейін есімде.

Жұмекен ағаның аузынан естіген шетел қаламгерлерінің біразын оның өзі қазақша сайратқанын да танып-біліп, еңбекқорлығы мен шеберлігіне айрықша тәнті болдым. Атақты А.Блоктың «Возмездие» поэмасын «Зауал» деген атпен тәржімалаған екен. Өзге тілді ақынның туындысына терең бойлап, оны түпнұсқа іспетті аударғанына таң қаласың. «Жақсыдан – шарапат» деген осы ғой, көрген түстей естен кетпес жүздесулердің өзі маған осынша ықпаләсерін сыйлағанын өз басым тағдырымның ерекше бір сыйы деп білемін…

Бұл естелікті не үшін жазып отырмын? Өз басым бүгінде «ащылығы – шындықтай, тәттілігі – шабыттай, жеңілдігі – көбіктей, ауырлығы – табыттай» өлеңдерімен «Жұмбақ Жұмекен» атанған ақын дүниетанымының тереңдігін жан-жүрегіммен түйсінгенімді айтқым келгені бұл. Ары да, жаны да таза жанның алдына келген бейтаныс бозбалаға өзімсініп ақ-адал ақылын айтып, «осыған болсыншы» деп дұрыс бағыт сілтеуі оның пендәуи күйкіліктен әлдеқайда биіктігін көрсеткендігін айтқым келгені бұл.

«Жаратқан Иеміз Адам атаны жасарда періштелеріне жер бетінен бір тамшы су мен бір уыс топырақ алдырыпты» делінеді Құрани әпсанада. Жұмекен аға күрмеуге келмес қысқа ғұмырында өзінің осы жаратылысын терең танып ұғынды. Сондықтан да, тіршілік философиясын қара өлеңге сыйғызып, оны ойлы жырларымен өрді.

Оқиық:

Саған да керек топырақ

Маған да керек топырақ,

Топырақ керек басқаға,

Тікен боп көктеу үшін де

Топырақ керек, масқара!..

Одан әрі былай жалғасады:

…Бұтақтарым – биікте,

Тамырларым – тереңде…

Бұл – мәңгіліктің сөзі.

Әрине, ол түсінбегенге – жұмбақ, ал түсінгенге – асыл.

Ақын өзін-өзі тану арқылы жалғандық пен мәңгілікті таныды. «Өнердің бірінші заңы: Егер айтатының болмаса, аузыңды ашпа. Егер айтатының болса, адалын айт, алдама» деген екен француз жазушысы Ромен Роллан. Қайсы өлеңдерінде де кестелеп ой айта білген Жұмекен ақын арзан сезімге бой алдырмайды. Тіпті, өмірдегі әділетсіздік көріністеріне де ашынуын ашық білдіріп, қара қылды қақ жарады. Міне, оқып көрелік: Төбелердің көңілі үшін, Ғасырлық, Кейде шыңның Асқақтығын жасырдық. Жапалақтың шыққаны үшін Тасқа ырғып, Таққа сүйеп отырғыздық «тақсыр» ғып.

Ал, кей күні қыран құстың қанатын Қиып алып бір байғызға жапсырдық… Әрине, мен осындай айтары бірден түсінікті өлеңдерімен қатар, кез келген адам ілкі оқығанда тереңіне бойлай алмай қалатын тылсым жырлары басымырақ Ж ұ м е к е н а қ ы н н ы ң шығармашылығын талдап, баға бергелі отырған жоқпын. Ол – бағасын әлдеқашан алған, өзін танытып кеткен дарын. Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев былай деген екен:

«…Поэзия – ешкімге айт пайтын құпиясын жазып қоятын қойын дәптер екенін, тек адамның өзі ғана сырласатын, өзіне де сеніп бол майтын сырларын, сөздерін жазып отыратын жанр екенін дүниежүілік лириканы оқығанда барып көзіміз жетті. Міне, осы стильдің соңына алғаш түскендердің бірі – Жұмекен. О л к е з д е г і қ а з а қ поэзиясының кедір-бұдыры көп, жақсы-жаманы да көп еді.

Керемет, алтын дай, тоқпақтай-тоқпақтай тұлпар жырлар да келе са латын. Өйткені, бұл қазақ ақынының мырзалығынан, жомарттығынан, далиған дала сияқты кеңдігінен. Мінеки, осы әдісті, дәстүрді мойындамай кеткен Жұмекеннің поэзиясы – шын мәніндегі таза, жазба әдебиеттегі лирика. Ешқандай қосуы жоқ. Мұндай поэзияны ешкім жазады деп те ойла майды ол, тіпті, Нәжімеденов те жазады деп ойламайды. Соның барлығы Жұмекен дүниеден кеткен соң, жарқжұрқ етіп, дүниежүзіндегі ең ескі, кәрі теңізден кәнігі пираттың өзі таба алмай қалған қазынасындай алдымыздан шыға келді.

Жұмекен – қандай ақын болса, сондай жазу шы. Қазір оның прозала рын қарап, қатты таң қалып жүрмін. Жұмекеннің үш романы, әңгімелері – сол кезде ешкімнің ойына келіп көрмеген сондай шынайы проза. Шынайы проза – шын проза, өмірде не болады, адам қандай нәрсеге күйіне алады, қандай нәрсеге сүйіне алады, тебірене алады, міне, ол сол туралы…

Қазақ әдебиетінде ойына алған ең үлкен екі істі іс қылып, екі істі үн-түнсіз бітіріп, ұрпаққа тастап кет кен жазушы – Жұмекен Нәжімеденов…».

Ал, белгілі ақын Серік Тұрғынбеков «Өксік сөзі өртеніп өзегінде» атты өлеңінде:

…Оу, Ағайын,

Ол ғажап өлеңдерін

Жазған жоқ па,

Көзінің тірісінде.

Жемісі мол,

Ән-жыры – шүйгін болып.

Қыран емес, Тұрымтай,

Тұйғын болып.

Өзі істеген шахтадан Шырқап шығып,

Оның жыры шырқалды – Гимн болып!

Өксік сөзі Өртеніп өзегінде.

Білді, Білді – Биліктің безерін де.

Мақтанды ол: – Біздің ел осындай! – деп, Қаны тамған, Кеңестің кезеңінде… деп толғанады. Рас қой, ақыннан сөз қалған жоқ, айтарын айтып кетті. Түсіне алмай, түсінуге тырыспай жүрген өзіміз ғой…

P.S.

Биыл сексен бес жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен ақынның мәңгілік ғұмыры ел есінде халқымен бірге жалғасып жатқандығын қазір айқын пайымдағандаймыз. Кітаптары оқырманымен қауышып, туған ауылында тас мүсіні тұлғаланса, Атырау шаhарының қақ төрінде биіктігі 8,4 метр болатын еңселі ескерткіші тұр. Ендігі ең басты міндет – ақын мұрасының мектеп бағдарламасында әлі де кеңінен оқытылып, кейінгі жас буынның санасына сіңірердей жан-жақты насихатталуының қажеттігі.

Жас буынға Гимн туралы әңгімелегенде міндетті түрде Әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденов хақында кеңінен ой толғануы да – дәлелденбейтін аксиома. Сонымен қатар, қазақтың көрнекті драматург-жазушысы Рахымжан Отарбаев айтқандай, «ақынның ой философиясын ашық игерген, айқын бағындырған сыршыл жырларын» бар қазақ түсінуге, түйсінуге ұмтылса ғой… Жұмбақ Жұмекеніңді таны, тани түс, Алаш жұрты!..

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз