«Өліп, қайта тірілді»

 Жуырда Атырау қалалық соты ел назарын аударған ерекше азаматтық істі қарады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысындағы елді мекендердің бірінің тұрғыны Е.Приданова туыстарымен ұзақ уақыт бойы араласпаған. Осының әсері ме, әлде басқа жағдай себепші болды ма, кім білсін, ол 2010 жылдан бері өлген адам ретінде есепте тұрғанын енді біліпті. Оның тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдердің дағдарыс орталығына түскеніне бірнеше жыл болған екен. Е.Приданова сотқа өз құқықтарын қалпына келтіру, қайтыс болу туралы акті жазбасын жою мақсатымен шағымданды. Сот алты жыл бұрын жедел-іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде әйелдің туыстары фотосуреттердегі мәйітті Е.Приданова деп танығаны, кейінірек туысқандарының бірі оның қайтыс болуы туралы куәлігін алғанын анықтады. Алайда, сот отырысы залында әйелдің барлық туыстары өтініш берушіні апасы және тәтесі ретінде таныды. Сот жиналған барлық айғақтарды есепке ала отырып, Е.Приданованың оның өлімі туралы акті жазбасын жою туралы талабын қанағаттандырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз