Басты жүлде 10 миллион: Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны басталды

10000 tenge 750x563 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Басты жүлде – 10 миллион теңге» деп хабарлайды Atr.kz

Тұңғыш рет Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ақшалай ұтыс лотереясы басталды!
Жүлде қоры – 40 миллион теңге!
Басты жүлде – 10 миллион теңге!

3 миллион және 10 миллион теңгені құрайтын басты ұтысқа Атырау облысында 1-ші ақпаннан бастап вакцинаның екі компонентін алған тұрғындар қатыса алады.

200 мың теңгені құрайтын ұтыс ойынына Атырау облысында ағымдағы жылдың 30-шы маусымынан вакцина алған адамдар қатысатын болады.

Қыркүйек айында 3 миллион теңге көлемінде 4 сертификат ойнатылады!

Басты ұтыс, яғни, 10 000 000 теңге қазан айында ойнатылады.

Қатысушылар саны шектелмеген!

Жеңімпаздар жергілікті телеарнада белгілі блогерлердің қатысуымен тікелей эфир арқылы анықталады.

Атап өту керек, 30 маусымнан бастап әр 10 күн сайын вакцина алушылар арасында 200 мың теңге көлемінде 10 сертификат ойнатылады.

Атырау тұрғындары арасында
алғаш рет ұйымдастырылып отырған лотерея демеушілердің қолдауымен және «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ ұйымдастыруымен өткелі отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз