Ақ Олимпиада алауы

eknkenknknk Жаңалықтар

САНАУЛЫ КҮННЕН КЕЙІН ҚЫТАЙДЫҢ БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНДА XXIV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ.

ТӨРТ ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ӘЛЕМНІҢ 109 МЕМЛЕКЕТІНЕН КЕЛГЕН ҮЗДІКТЕР СПОРТТЫҢ 7 ТҮРІ БОЙЫНША БАҚ СЫНАҒАЛЫ ОТЫР.

Қазақстан ұлттық құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарына сегізінші рет қатыспақ. Бұл жолы ел намысын қорғайтын 34 спортшы 87 жолдама жеңіп алған болатын. Бүгінде ел құрамасы Олимпиада қарсаңындағы жаттығуға кірісіп кетті. Қазақстанның көк туын шорт трекші Абзал Əжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова көтеріп шығады. Спортшыларымызға сəттілік серік болсын деп тілейміз.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз