Жарнама
Жаңалықтар

Олимпиадаға баратын атыраулықтар олардың дайындығы қандай деңгейде?

 Бүкіл дүниежүзі көз тігіп, тағатсыздана күтіп жүрген Рио-де-Жанейродағы ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының баста-луына ай жарымдай ғана уақыт қалды.

  Оңтүстік Америкада тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған аламан бағдарламасына биыл 28 спорт түрі енді. Айта кетсек, ағымдағы жылдың, тамыз айының 5-сі мен 21-і күндері аралығында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар алтыншы рет қатысқалы отыр. Осыдан төрт жыл бұрын Лондонда өткен бәсекеде отандас-тарымыз биіктен көрінді. Енді сол тұманды Альбиондағы жетістікті Бразилияда да жалғастыра білсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінде Қазақстан құрамасы Риодағы олимпиадаға 110 спортшыдан кем апармауды мақсат қойып отыр. Соның ішінде атыраулықтар да бар. Бұған дейін, ескек есуден Сергей Сергеев пен таэквондодан Арман Шылманов Олимп төрінде талай межелерді бағындырғаны – соның бір ғана нақты айғағы. Арман 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиадада қола жүлдегер атанған еді. Сонымен қатар, таэквондодан Лия Нуркина, Гүлнафис Айтмұхамбетова ел намысын абыроймен қорғаса, дзюдошы Ринат Ибрагимов Бейжің және Лондон олимпиадаларына қатысып, облыстың спорт саласы тарихында төртжылдықтың басты додасына екі мәрте қатысушы ретінде есімін қалдырды. Ал, осы жолы таэквондошы Жансель ДЕНИЗ бен зілтемірші Ниджат РАХИМОВҚА үлкен үміт артып отырмыз. Сонымен қатар, ережеге сәйкес олимпиададан кейін мүгедек жандар арасында өтетін паралимпиада ойындарына қатысатын дзюдошы Әнуар САРИЕВ те – атыраулық палуан. Бұл оның Қазақстанның дзюдо күресінен паралимпиадаға қатысатын ең бірінші мүмкіндігі. Дүбірлі дода қарсаңында біз ел намысын қорғайтын батырларымыздың қазіргі жағдайын, дайындықтарын білуді мақсат тұттық. ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛ АШҚАН… Өңірімізден Рио олимпиадасына алғаш лицензияны жеңіп алған — ауыр атлет Ниджат Рахимов болатын. Өткен жылдың қараша айында Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында атыраулық зілтемірші 77 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанып, Рио олимпиадасына жолдаманы ұтып алды. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында Ниджаттың ұлты әзербайжандық болуына орай, «ол — қазақстандық спортшы емес» деген желеумен түрлі ақпарат тарауда. Осыған орай, біз облыс-тық дене шынықтыру және спорт бас-қармасына хабарластық. — Ниджат осыдан үш жыл бұрын отбасы жағдайымен Әзербайжаннан Қазақстанға көшіп келді. Ауыр атлетикадан ел құрамасының бас бапкері Алексей Нидің ұсынысын басқарма басшылығы қабыл алып, 2013 жылы Ниджатты Атыраудың спортшысы ретінде қабылдаған болатын. Содан бері басқарма федерацияның облыстық филиалымен бірігіп жұмыс жасап келеді. Соңғы жылдары Ниджат Атыраудың намысын қорғап, өткен жылдың қазан айында Талдықорған қаласында ұйымдастырылған жазғы халықтық спартакиадада І орынды еншіледі. Сонымен қатар, Қытай елінде өткен олимпиадалық іріктеу турниріне қатысып, төртінші орынға қол жеткізді. Ал, биыл ел чемпионы атанып отыр, — дейді басқарма қызметкерлері. «МЕН – ҚАЗАҚ ҚЫЗЫМЫН» Атыраудың тағы бір спортшысы Жансель Дениз де Олимпиадаға қатысады. Филиппин елінің Манила қаласында таэквондо спортынан Азия құрлығының іріктеу турнирінде жарыс жолына шыққан Жансель чемпион атанып, төртжылдықтың басты додасына жолдаманы ұтып алды. Бүгінгі таңда Жансель жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәрбиеленуде, жеке жаттықтырушысы — Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов. Жиырма төрт жастағы жерлесіміз өткен жылы Түркиядан өз Отанына оралып, содан бері байрақты бәсекелерде Атыраудың абыройын асқақтатып жүр. Атыраулықтар арасында Жансәуле атанып кеткен ол спортшылар отбасында дүниеге келген. Анасы — дзюдодан спорт шебері. Жансель бізбен әңгімесін-де 13 жасында волейбол үйірмесіне бастап қатысып, бес жыл бойы жаттыққанын айтады. — Кез келген спортшының басты арманы — Олимпиадаға қатысу. Ал, командалық спорт түрінде жетістіктерге жету қиынға соғады. Өйткені, мұнда нәтижені тек өзің ғана емес, команда көрсетеді. Сондықтан, осыдан жеті жыл бұрын өзімді таэквондо спортында сынап көруге бел буып, биік белестерді бағындыруға барымды салдым, — дейді Олимпиадаға қатысушы.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button