Музей қоры жәдігерлермен толықты (ФОТО)

ЕАС 005 Жаңалықтар

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей қорына қабылданған жәдігерлер» атты көрме өтті.

ЕАС 005

Музей қорын тарихи-мәдени бұйымдармен толықтыру мақсатында ұйымдастырылған шарада жыл ішінде қабылданған бұйымдар ұсынылды. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ержан Рахметқалиев, Тәжіден Хасанов, Бимағамбет Каметовтың, Анна Захарова, Ғабдірашид Омаровтың құжаттары қойылды.

Сондай-ақ, көрме сөрелерінен Атырау облысының Құрметті азаматы Сағидолла Құбашев, Қазақстан мұнай өндірісінің майталманы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Бисенғали Есенғалиевтің, 1992-1994 жылдардағы Атырау облысының әкімі Сағат Түгелбаевтың жеке құжаттары және заттай материалдары орын алды.

ЕАС 023

Бұдан басқа көрмеге қатысушылар ҚР Журналистер Одағының мүшесі Тұрар Құрманғалиевтің фотосуреттерін, Мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтің домбырасын, саятшы Арман Қошқаровтың құсбегі құралдары, темірден түйін түйген атақты ұста Қалмұқан Ерекенұлының көрігінде соғылып жасалған әшекей зергерлік бұйымдарды тамашалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қор барлығы 1135 жәдігермен толықты. Олар арнайы мамандардың сүзгісінен өтіп, сұрыпталды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз