Жарнама
Жаңалықтар

ОЛАР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ САРБАЗДАРЫ

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келе жатқан Жаңа жыл мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтауды және сый-сияпат тарту етуді тапсырған болатын. Сол тапсырманы орындап отырмыз. Сіздердің ұлы ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Сіздер тәуелсіздік жылдарында да егемендігімізді нығайтуда, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі біздің сенімді тірегімізге айналдыңыздар, — деп, облыс басшысы қарт майдангерлерді келе жатқан мерекелермен құттықтады.

Бүгінгі таңда облыста 87 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Кейінгі ұрпақтың бейбіт күнде өмір сүруі жолында жан аямай, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан ардагерлерімізге қандай қолдау көрсетсек те артық етпейді. Олардың ерліктері өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Ардагерлер Елбасы мен облыс басшылығына ел үшін жасап жатқан еңбектері үшін алғыс білдіріп, ақ баталарын берді. Ал, облыс басшысы Жеңістің 70 жылдығы елімізде, соның ішінде, аймақта кең көлемде, жоғары деңгейде тойланатындығын айтты.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button