Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

kazt Жаңалықтар

Қазіргі таңда тіл мәселесі ең ауқымды  тақырыптардың бірі. Көне ғасырдан бері Қазақ ұлтында ана тіліміздің маңыздылығы мен өзектілігі дәріптеліп, бүгінгі күнге дейін ерекше махаббатпен айтылып келеді.

Расымен, қазақ тілі бізге берілген ең үлкен сый, таптырмас байлық. Қанша ақын-жазушыларымыз ана тіліміз үшін қалам тербеп сыр шертіп, жауынгер-батырларымыз қасық қаны қалғанша күресіп, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра қалдырып келеді. “Ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту” деп Бауыржан Момышұлы бекер айтпаған.

Бұл мағыналы сөзді түсінген жас ұрпақ ана тілінің маңыздылығын толықтай түсінеді деп ойлаймын. Дегенмен, бүгінгі таңда дара тіліміз екінші орынға шегеріліп бара жатқан секілді. Жаңа ғасыр балалары кей қазақша сөздің мағынасын түсінбей, орыс тілімен араластырып, не болмаса толықтай орыс тілінде сайрап жүр. Қазағымның баласы қазақ тілін білмейтінде жайттар кездеседі. Орыс мектебіне деген кезек жетіп артылады. Тіл көрсеткіші күннен күнге азайып, өз күшін жоғалтып келеді.

Бұл қоғам дерті күннен-күнге халқымызды жойып келе жатқаны алаңдатады. “Есің барда еліңді тап” демекші, есімізді жиып, бұл істі дер кезінде қолға алуымыз қажет. Ол үшін ең қарапайымы әр қазағым ана тілінде сөйлеп, қарым-қатынас жасауымыз өте маңызды. Сонымен қатар БАҚ құралдары, қоғамдық жұмыстар, саясат, іс-шаралар қазақ тілінде жүргізілсе, тілге деген сұраныс арта береді. Құжаттар қазақ тілінде рәсімделіп, оқу орындарында қазақ тілін биік қойса, уақыт өте бәрі өз орнына келер еді. 

Әр қайссымызды толғандыратын маңызды мәселе ол әрине болашақ. Ал болашақтың тірегі ол жастар. Сол себепті жас буынға елге, жерге, тілге деген махаббаты дарыту, Абай атамыз секілді қазақ әдебиетіндегі алыптарды сүйіспеншілікпен оқып, өсиеттерін тыңдап, соларға қарап бой түзеп, ана тілін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда. 

Бекғазы Дина, 406 топ студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз